Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды.

Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 555құрылысы жүріп жатқан(Қызылорда Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 72, Қазалы ауданы – 65, Қармақшы ауданы – 35, Жалағаш ауданы – 29, Сырдария ауданы – 36, Шиелі ауданы – 72, Жаңақорған ауданы – 88)кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнімен216нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы – 98, Арал – 23, Қазалы–7, Қармақшы -4, Сырдария – 5, Шиелі – 3, Жаңақорған – 76), ал 94нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелерінежалпы250хаттама толтырылып(Қызылорда қаласы – 37/91, Арал ауданы – 13/30, Қазалы ауданы – 10/30, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 6/18, Сырдария ауданы – 11/33, Шиелі ауданы – 6/18, Жаңақорған ауданы – 10/28), 101 776 840теңге айыппұл салынды.

Мәди Әліп
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы басқармасы басшысының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!