Фото: egemen.kz

Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты «Елтай» каналының қасында, қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында, жыңғыл мен шеңгелдерді қисайтып, сыммен байлап, олардың астына сора өсімдігін егіп, күнделікті баптап, әрбір сора өсімдігінің түбін қарықтап суарған азамат құрықталып, сот алдында жауап берді.

1970 жылы туылған азамат А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты «Елтай» каналының қасынан егістік алқабын сатып алып, сол жерге фазендалық үй салып, мал ұстап, егін егумен айналысып жүріп, сора өсімдігін еккен. Оның заңсыз егістік алқабынан 17 кг 440 грамм құраған, барлығы құрамында есірткі заты бар өсіруге тиым салынған 35 түп сора өсімдіктермен аңшы мылтығы анықталған. Сотталушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтқан.

Сот сотталушының жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, есірткінің заңсыз айналымы мәселесінің өзектілігін, бұрыңғы соттылықтары жойылғанымен қасақана қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыру жазасына сотталғанын ескеріп, оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сотталған азаматтан мемлекет пайдасына жетпіс төрт мың тоғыз жүз үш теңге процестік шығыны мен жәбірленушілер өтемақы қорына алпыс тоғыз мың теңге мәжбүрлі төлем өндіріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!