Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларының ата-анасына зейнетақы тағайындап, тағы да жұрттың ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов, продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың күйеуі, өз компаниясының қызметкерлеріне арналған жаңа әлеуметтік бастаманы жариялады.

Бұл туралы 20 желтоқсанда Баян Алагөзова Instagram-парақшасында жазды.

«Мақтан тұтамын, махаббатым», – деп жазды ол.

Мәліметке сүйенсек, әрбір қызметкердің ата-анасына ай сайын 50 мың теңгеден төленеді. Бұл – компанияның дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс ретінде қарастырылған.

Бұл – Тұрсынғали Алагөзовтің алғашқы ірі әлеуметтік бастамасы емес. 2025 жылғы мамырда ол өз қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған. Олардың басым бөлігінің жеке баспанасы болмаған, сондай-ақ компанияда көп жылдан бері еңбек етіп жүрген қызметкерлер де бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!