Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің зейнетақы жүйесін дамытусаласына да тоқталған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағын пайдалана алады немесе ұйымдарының басқаруына бере алады.

Жолдаудағы «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық» бағытындағы зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі бойынша жиын өткізілді. «БЖЗҚ» АҚ-ныңҚызылорда облыстық филиалында өткен кездесуде Президент тапсырмасының орындалу барысы талқыға түсті.

-Қазіргі кезде маңызды тақырыптың бірі ретінде зейнетақы жүйесін атап өтуге болады. Мемлекет басшысының негізгі тапсырмасына сәйкес,  зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізілуде. Расында, бүгіндеадамдар жинағын тек зейнетке шыққан соң ғана пайдаланады. Олардың арасында зейнетке шыққан уақытқа дейін қаражаттарын пайдаланғысы келетіндер бар.Енді алдағы уақытта жұмыс істейтін азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа жұмсай алады, – деді «БЖЗҚ» АҚ Қызылорда филиалының директоры Арнұр Құрманғали.

Айта кетейік, аталған жиында «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мүшелері зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселелерінің тиімділігін атап өтсе, кездесуге қатысушылар тақырып аясындағы ой-пікірлерін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!