Фото: BAQ.kz

Су тасқынына қарсы кезеңде қазақстандықтарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі? Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ЕХӘҚМ ресми өкілі Мадияр Уақпаев айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбекминінің ресми өкілі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандай қолдау көрсететінін атады.

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік орындарға жүгінбей осы жылдың екінші тоқсанында автоматты түрде ұзартылады. Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар Электронды үкімет порталы арқылы жүгіне алады, – деді Мадияр Уақпаев брифингте.

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалаларда тұратын мүгедектігі бар азаматтарға 2024 жылғы II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс келесі қызметтер төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін автоматты түрде ұзартылады:

 мүгедектік мерзімдері,

 жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі,

 кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі және оңалтудың жеке бағдарламалары.

Бұл ретте төтенше жағдай режимінің әрекет ету мерзімі аяқталған ай да толық есептеледі.

Мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша жүзеге асырылады.

Автоматты түрде ұзарту су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдауды уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар азаматтар бірінші кезектегі тәртіппен санаторий-курорттық емдеумен және техникалық құралдар болмаған немесе су басу кезінде зақымданған жағдайда қамтамасыз етіледі, – деп түсіндірді Уақпаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!