фото: inbusiness.kz

Аудандық сотта «Қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізу кезінде туындайтын мәселелер»  тақырыбында дөңгелек  үстел өткізілді.

          Дөңгелек үстелгеаудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, судья С.Амантаев,аудан прокурорының орынбасары Р.Бақбергенов, Жалағаш аудандық ПБ тергеу жөніндегі орынбасары Б.Сәрсенов, Әкімшілік ПБ бастығы Н.Аймұратов, және анықтаушылар қатысты.

Төрағалық етуші дөңгелек үстелді ашық деп жариялап, қатысушыларды дөңгелек үстелдің бағдарламасымен  таныстырды.

Төраға А.Мизанбаев 2018 жылдан бастап қылмыстық істерді жүргізу электронды форматқа көшкендігін, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен қылмыстық істер сотқа электронды түрде жолданып отырғандығына тоқталып, «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі» Нұсқаулықтың 6) тармағына сәйкес электрондық қылмыстық істе PDF-құжатын құру барысында, қылмыстық процесті жүргізуші тұлға оның түпнұсқамен біртектес, сапалы және толық оқу мүмкіндігі болуын қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.  

Сонымен қатар, заттай дәлелдемелермен жұмысты ұйымдастыру, соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық істі электронды форматта жүргізгеннен кейін сотқа жолдау барысында барлық құжаттар сотқа электронды түрде түсуі қажет екендігін айтып өтті. 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар арасында электронды істі жасақтау және оны сотқа жолдау кезінде арнайы бекітілген Нұсқаулықтағы талаптарын және «Қазақстан Республикасының соттарында қылмыстық сот ісін жүргізуді электрондық форматта жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымының»талаптарын сақтау маңыздылығы мен жұмыс барысында кездесетін мәселелері жан-жақты талқыланды.    

Жалағаш аудандық соты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!