Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтан пәтерін жалға беріп, салық төлемейтін азаматтар туралы сұралды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің айтуынша, Қаржы министрлігі экономиканың бұл секторын заңды алаңға шығару үшін жұмыс істеп жатыр. Ол үшін түрлі жеңілдетілген салық режимі енгізіліп жатыр. Соның ішінде салық төлеушілер тіркеусіз жұмыс істеп, жылына бір рет декларация тапсыра алатын арнайы салық режимі бар.
«Камералдық бақылау жүргіземіз, деректерді салыстырамыз. Жеке тұлғаның 10 пәтері болып, өзі тек біреуінде тұрса, қалған 9 пәтер жалға берілуі мүмкін. Біз бұл мәселелерді ПИК және учаскелік инспекторлармен бірлесе бақылап отырамыз. Сондай-ақ, осы 10 пәтердің иесі ай сайын мобильді аударым арқылы төлем алып отырса, оған қатысты сұрақтар туындайды», – деді Ержан Біржанов Мәжіліс дәлізінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
