«100 нақты қадам – Ұлт Жоспарының» 42-қадамына сәйкес кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей салықтық декларациялау жүргізу көзделген. Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты – жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құру.
Мұндай жүйе көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңмен енгізіледі.
1 кезең: 2021 жылдан бастап
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар:
2 кезең: 2023 жылдан бастап
- Мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары);- Квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары);
3 кезең: 2024 жылдан бастап
- Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары (зайыптары)
- Дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары);
4 кезең: 2025 жылдан бастап
- Азаматтардың өзге қалған санаттары декларация ұсынатын болады.
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңінде:
- Мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясын» (270.00 нысанды) тапсыруға міндетті.
- Квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары)«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясын» (270.00 нысанды) тапсыруға міндетті.
Бұл ретте, Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері (мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б. қызметкерлер. Яғни, мемлекеттік мекемеден жалақы алатын барлық қызметкерлер) жатады.
- Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын» (250.00 нысанды) тапсыруға міндетті.
Ағымдағы жылы «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын» (250.00 нысанды) ұсыну міндеттемесі туындаған жеке тұлғалар үшін, салық есептілігі нысанының түрі «бастапқы», салық төлеушінің «Б санаты» бойынша, 2024 жылғы салық кезеңі үшін ұсынылады.
«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы» (250.00-нысан) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынның шегінен тыс жерлерде жылжыйтын, жылжымайтын мүліктердің, банктік шоттардың, Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық, жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктен бөлек дебиторлық және кредиторлық берешектерін көрсетуге және бағалау құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойыншабасқа мүлік көрсетілуі мүмкін.
Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) табыс етеді.
Декларацияларды ұсыну мерзімі:
2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тапсырады.
Аталған декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «App Store» немесе «Play Market»-тен «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile», «kaspi.kz», «halyk мобильді қосымшаларын жүктеу арқылы тапсыруға болады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияда, «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді ұсыну, Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік шара көзделген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!