Мен мақаламды еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев

атамыздың мынадай Жолдауымен бастағым келеді.         Н.Ә.Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын .Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың  уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гулдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға  сіңірдіңіздер», – деп пайымдаған.

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени- ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез  келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар    саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.

Еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойын арухани– адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн.

Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең6 солай иілуге әзір. Сол себепті жастарды ойын да, бойын да түзу өсіруг ехалықтың басты парызы. Жастар –  жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Қазақтың әрбір жас жүрегі өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Айдана Хабиева

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!