Жамбыл облысы Қаратау қаласында ит талап тастаған баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, Талас ауданының полиция бөлімінің қызметкерлір оқиғаның мән-жайын анықтады.»Кәмелетке толмаған бала ауласындағы қорада шынжырмен байланып тұрған иттің қасына барып, ойнамақ болған. Сол кезде ит оны талады», – дейді полицейлер.Ауруханаға жеткізілгенде бала есінен танып жатқан. Ит оң жақ бетін жұлмалап тастаған. Екі аяғында да сау жер қалмаған. Дәрігерлер бірден ота жасады. Алдымен бетін тігіп, кейін құтырмаға қарсы екпе де салынды. Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы жақсарып келеді.Осы жағдайдан кейін баланың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Айта кетері, осы құқық бұзушылық үшін 10 айлық есептiк көрсеткiш (34 500 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысы Қаратау қаласында 7 жастағы баланы ит талады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!