Фото: Pixabay.com

Жамбыл облысында шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 13 ресми шомылу орны бекітілді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Уалихан Уәлиев мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

Ресми дерекке сәйкес, облыс аумағында 9 коммуналдық және 4 жеке жағажай жұмыс істейді. Сонымен қатар 189 орында шомылуға тыйым салынған.

-Су айдындарында 8 құтқару бекеті тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Алдын алу шарасы аясында 1 550 рейд өткізіліп, 12 мыңнан астам жадынама таратылды. Рейдтер барысында 305 құқықбұзушылық анықталды. 101 адамға ескерту берілді, 178 адамға 1,8 млн теңгеден астам, 26 адамға 356 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, – деді ТЖД өкілі.
Жыл басынан бері суға бату дерегі тіркелмеген.

Балық аулау кезінде 10 адам құтқарылды.

Сонымен қатар 1 980 бала тегін жүзуге үйретілді.

Айта кетейік, Жамбылда мотокөлік жүргізушілерінің заңбұзушылығы жиілеген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!