Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Дизайнер әкесінің арманын орындау үшін жеңіл ақшаға сүйенбей өзі еңбектенгенін айтты.
«Қазақтар неге Тайотаның жақсы көреді екен? Менің әкем де осы көлікті жақсы көреді. Сондықтан осы көлікті сыйға тартуды жөн деп таптым. Құтты болсын, әке. Өзіме де жақында алам. Бірақ Тайота емес. Менің талғамым басқа. Көрімдік берем десеңіздер, мархабат.
Мен осы үшін Алматыға ұшып келдім. Тағы айта кетейін, мен гив ойнатып, жарнама жасап оңай ақша тапқан жоқпын. Өз еңбегіммен алдым. Бастысы – мақсат болса болды. Ақша тек артрибут қана. Жұғысты болсын баршаңызға!», – деп жазды Адайбекова.
Желі қолданушылары құтты болсын айтып, сан сауалдар қойып үлгерді.
«Бізге де осындай күн бұйырсын. Құтты болсын», «Бәрекелді, жарайсың, бәріне жұғысты болсын», «Әкесін ойлаған қыз бақытты болады», «Әкеңнің арманын орындапсың», «Өз әкеңе алдың ба?», «Жақсылығың өзіңе қайтсын», – деп жазды желідегілер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!