фото: ашық дереккөзден алынды
2025 жылдың 20 қазанынан бастап Қазақстанда көлік әкелуге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңа тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) биылғы 23 мамырдағы №45 шешіміне негізделген. Құжат “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентке енгізілген өзгерістерді қамтиды.
Басты жаңалық — “жекелеген көлік құралы” ұғымының өзгеруі. Бұдан былай Қазақстан азаматтары жеке пайдалану үшін тек белгілі бір санаттағы көліктерді ғана шетелден әкеле алады.
20 қазаннан бастап елге әкелуге рұқсат етілетін көлік түрлері:
жеңіл автомобильдер (медициналық мақсаттағы арнайы көліктерден басқа);
жолсыз жерде жүруге арналған көліктер – квадроциклдер, сноубайктар, мотовездеходтар (жарыс көліктерін қоспағанда);
мотоциклдер, мопедтер және мотороллерлер;
жеңіл жүк көліктері мен шағын автобустар (жүргізушімен қоса 12 адамға дейін);
толық салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері (радиоактивті материал тасымалдауға арналмаған).
Ал автобустарды, ауыр жүк көліктерін және арнайы техниканың кейбір түрлерін елге әкелуге қатаң тыйым салынады.
Сонымен қатар әр көлік құралының қауіпсіздік сертификаты болуы міндетті. Бұл құжатсыз:
– көлікті кедендік рәсімдеуден өткізуге;
– электронды техникалық паспорт алуға;
– утилизациялық алымды төлеуге;
– мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсат берілмейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!