Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана мәжіліс залында Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Іс-шараға Қызылорда қалалық коалиция жетекшісі Ибадулла Құттықожаев, Сенат депутатары Әли Бектаев, Ольга Булавкина, Ернұр Айткенов, Сұлтан Дүйсембинов, Закиржан Кузиев, Жанболат Жөргенбаев, Арман Өтеғұлов қатысты.
Кездесу барысында Әли Бектаев Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары жөнінде баяндама жасап, құжатта мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің арақатынасы, Парламенттің рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалар қамтылғанын айтты.
Сонымен қатар, жобада заң үстемдігі, мемлекеттік институттардың қызметі, ашықтық пен есептілік қағидаттарына қатысты ережелер қарастырылғаны айтылды. Кездесу барысында конституциялық өзгерістерді талқылау бойынша өңірлерде түрлі кездесулер өткізіліп жатқаны жөнінде ақпарат берілді.
Сондай-ақ қолданыстағы Конституцияның ел дамуы кезеңінде қабылданғаны, ал жаңа жобада қазіргі жағдайлар мен даму үрдістері ескерілгені айтылды. Құжат Парламент отырыстарында талқыланғаны жөнінде мәлімет берілді.
Жиында жазушы, Қазақстан жазушылар одағы өңірлік филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейтова сөз сөйлеп, Конституция жобасымен танысқанын және ондағы бірқатар баптарға қатысты пікірін білдірді.
Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!