фото: tengrinews.kz
Елімізде көлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда көлік иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, бұл жалпыға ортақ жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.
«Егер терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажет тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», – деді Жаслан Мәдиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!