Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қалалық және қала маңындағы бағыттар (экспресс бағыттарды қоспағанда) жұмыс, демалыс және мереке күндері қатынайды.

Жаңа жыл мерекесінде және алдағы демалыс күндері елордада қоғамдық көліктер қатынайтын болады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қалалық және қала маңындағы бағыттар (экспресс бағыттарды қоспағанда) жұмыс, демалыс және мереке күндері қатынайды. Сондай-ақ автобустардың жүру уақыты сағат 23:00-ге дейін сақталады», – делінген хабарламада.

Осыған орай компания жолаушыларды санитарлық нормаларды сақтауға шақырып отыр. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынатындығын, автобустарға алдыңғы есік арқылы кіру керектігін ескертеді. Сонымен қатар жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!