Биыл да 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар – Жаңа жылға арналған мереке күндері;
  • 3 және 4 қаңтар – демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество – демалыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері;
  • 1 және 2 қаңтар – мереке күндері;
  • 3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні;
  • 4 қаңтар (жексенбі) – демалыс;
  • 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері;
  • 7 қаңтар – демалыс күні (Рождество).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!