Италияда Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде жалпыұлттық карантин енгізіледі.

Италияда Рождество мен Жаңа жыл мерекесі кезінде жалпыұлттық карантин енгізіледі. Жаңа тәртіпке сай желтоқсанның 24-інен қаңтардың 6-сына дейін аймақаралық қатынасқа тыйым салынады. Тұрғындардың үйден тек жұмысқа немесе аса қажет жағдайда ғана шығуына рұқсат. Мейрамхана мен дәмханалар жабылып, тек сауда орталықтары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді. Айта кетейік, Апеннин түбегінде вирусты жұқтырғандар саны 2 миллионға таяды.

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте: «Елде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Мереке күндері вирусты жұқтыру күрт өсуі мүмкін. Сондықтан шектеу шараларын қатаңдатамыз деп шештік», – деді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!