2024 жылы 55 жастан шартты зейнетке, яғни арнайы төлем алу құқығына 37 мың адам ие болады. Бұл туралы Мәжілістің комитет отырысының кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін вице-министр зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді көздейтін заңнамаға қандай түзетулер енгізілетінін түсіндіріп берген болатын. 

Арнайы төлем алатын қызметкерлері бар 1400 кәсіпорын бар. 2024 жылы 55 жастан шартты зейнетке, яғни арнаулы төлем алу құқығына 37 мың адам ие болады. Ол қызметкерлер денсаулыққа зиянды орындарда істейді. Оның басым бөлігі тау-кен қызмектерлері мен өндірістік өнеркәсіп қызметкерлері болып отыр. Зиянды орындарда еңбек ететіндердің тізімі жұмыс берушілерде болуы керек. Жұмыс беруші заң бойынша оларға жалақының үстінен төлем төлеуге, жұмыс уақытын қысқарту мен қосымша еңбек демалысын беруге тиіс. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын алсақ, компания қызметкерлерінің 83 пайызы зиянды жағдайда жұмыс істейді, – деді ол.

Ол атап өткендей, 55 жасқа толған міндетті БЖЗҚ салымында 7 жылдық өтілі бар адам жұмыс орнынан кеткен жағдайда оған арнайы төлем төленеді.

Ол мүлдем жұмыс істемесе де болады. Ол әрбір қызмкеткердің өз таңдауы болады, – деді Сарбасов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!