Елімізде жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш өткізуге рұқсат бар ма? Үкімет үйінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», – деді А. Цой жауап бере тұра.

Сондай-ақ, министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қалада жаңа жылда ұжымдық және шырша кештерін өткізуге рұқсат жоқ екенін айтқан болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!