Жаңаөзенде 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Күдікті жасөспірім перинаталдық орталыққа түсік жасатуға барған соң ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы 24 ақпанда белгілі болған. 14 жасар қыз анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталықтың дәрігеріне әлеуметтік себептерге бірінші жүктілікті тоқтату үшін жүгінген. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болды.
Орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлады.
Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алды.
«Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелген», – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!