Жаңаөзенде қатардағы жауынгер өз бөлмесінде асылған. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 15 желтоқсан сағат 02.40-та 5548 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Д. К. Еспосынов жатақхана бөлмесінде дарға асылған күйінде табылды. Марқұмның денесін әріптесі тауып алған», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқаны айтылған.
«Өлім себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Д. Еспосыновтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – дейді ведомстводан.
Қатардағы жауынгер Дамир Қайратұлы Еспосынов 2003 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген.
Қазақ, бойдақ, білімі орта, Ақтөбе облысының тумасы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!