«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасарлары Еркін Дәуренұлы мен Жанар Ахетова, сондай-ақ фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Гүлназ Бадракова Жаңақорған ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Жаңақорған ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды

Сапардың негізгі мақсаты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, қызметкерлермен кездесуге, проблемалық мәселелерді тыңдауға, сондай-ақ Халыққа қызметкөрсету орталығының материалдық-техникалық жай-күйін бағалауға қатысты мәселелер қаралды.

Жаңақорған ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды

Халыққа қызмет көрсету сапасына, электрондық кезек жүйесінің тиімділігіне және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері назарға алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!