Қызылорда облысында тұрғын үй толығымен өртеніп кетті.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент ауылында болды. Аудандық №14 өрт сөндіру бөліміне ауылдағы А.Әлиев көшесі бойындағы тұрғын үйде өрт болғандығы жөнінде хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына жергілікті өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлікпен 5 қызметкер барды. Оған ауылдық округтен 6 ерікті өрт жасағы мен 2 техника жұмылдырылды. Өрттен 2 қабатты тұрғын үйдің қышпен қапталған 1 қабатында орналасқан тұрғын үй мен ішіндегі мүліктері толығымен өртеніп кеткен», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Алдын ала жасалған жорамал бойынша өрт газ плитасынан шыққан болуы мүмкін. Адам шығыны жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!