Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалада жаңажылдық корпоративтік кештер өткізілмейтінін айтты.

«Жаңа жыл қарсаңында корпоративтік кештер өткізбеуге тырысуымыз керек. Бұған бас санитарлық дәрігер тыйым салып отыр. Әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салуға қарамастан, кеш өткізетін дәмхана, мейрамхана, түнгі клубтар бар. Олар айыппұлдан қорықпайтын болып шықты. Ондай нысандарды жабуға тура келеді», – деді әкім брифингте.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жағдайды сөз етіп, қатаң карантин енгізуге қатысты пікір білдірген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!