Фото: flyarystan.com
FlyArystan әуе компаниясы Астанадан Анталия провинциясының Газипаша қаласына тікелей рейстер ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рейс аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері – 28 мамырдан 29 тамызға дейін орындалады. Газипаша мен Анталияға чартерлік рейс билеттерін туроператорлардан алуға болады.
FlyArystan туроператорлармен бірлесіп Атырау, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Орал және Қазақстанның басқа қалаларынан Анталияға чартерлік рейстерді де ұсынады. Олар 2025 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan жолаушыны ұшаққа кіргізбей, психикалық диспансерге жібергенітуралы жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!