Фото: pixabay.com
Абай облысының полицейлері қазақстандықтарға жүгініп, алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті – қаскүнемдер «флюорографияға жазылуға» шақырып жатыр. Бұл туралы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Абай облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған.
«Қаскүнемдер емханадан флюорография мен диспансерлеуге жазылуға шақырады. Олар күн мен уақытты таңдайды, содан кейін SMS-кодпен жазбаны растауды сұрайды.
SMS тіркеуге кіруді өзгерту үшін мемлекеттік қызметтерден келеді. Жақындарыңызға ескертіңіз», – делінген құқық қорғау орандары таратқан хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!