Әлемде миллиардтаған адам болса да әр адам қайталанбайтын тұлға. Әлемді өзгерту өзіміздің қолымызда. «Мен жасағанда не тұр?» деп емес, «мен жасасам қоғамға қалай әсер етемін?» деп ойланатын кез келді.

Біз ұлан-ғайыр атырапты ұрпағыма мұра етсем деген бабаларымыздың орындалған арманымыз. Ұлтым деп қанын төгіп, жанын берген батыр бабаларымыздың ел қамын ойлайын білікті де білімді ұрпағы болу парызымыз.

Ғаламның дерті болған есірткімен күресті әр адам өзімізден бастайық. Онымен күресу одан сақтанудан басталады. Деректерге зер салсақ, тұтынушылардың 70-80 пайызы байқамай пайдаланудың құрбандары. Өкініштісі оларды орға жыққандардың көпшілігі жақыным деп сенім артқан тасбауырлар. Сондықтан таныс емес затты тұтынарда тым талапшыл, секемшіл болыңыз. Албырттық пен аңқаулық, шамадан тыс қызығушылық адамды құрдымға апаратын екінші жол. Өмірге бір келгенде барлығын көремін десеңіз, сізді құптаймын. Алайда есірткінің дәмін татып, арбауына тұтыла көрмеңіз. Оны тұтынған адамды, опынған отбасыны көзбен қарап, санамен орнында болып көру саналы адам үшін жеткілікті.

Балаларыңыздың бақытты балалығын, өміріңіздің қайта оралмас қызығын құрбан етпеңіз. Жасампаз елдің жас ұланы ретінде жарқын болашағыңызды жар басынан құлатпауға шақырамыз. Ел ертеңін ойлаған, дені сау ұрпақ болуды мақсат етейік. Егер осы жолда жаңылған болсаңыз сіз мемлекеттің ең бірінші қазынасысыз. Көмек алудан ешқашан қорықпаңыз. Заңға және Отаныңызға сенім артуға шақырамыз. Жарқын өмір болмайды, оны адамдар құрастырады.

Арайлым КЕҢШІЛІК,
№273 орта мектептің
7«Ә» сынып оқушысы,
Қармақшы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!