«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Есірткі жайлы ертегі
Баяғы заманда Жарық пен Түн деген екі кейіпкер өмір сүріпті. Жарық әділетті, таза, ақылды, еңбекқор болса, ал Түн керісінше алдамшы, арам пиғылды және зиянды істерге әуес екен.
Бір күні Түн Жарықтың достарын есірткі деген тұзаққа түсірмек болып, өзінің арбауымен жолдан тайдырмақшы болыпты. Ол достарына:
-Бұл өте бір ерекше дәрі, оны ішсеңдер барлық ауыртпалықты ұмытасыңдар. Әлемдерің жай ғана әдемі түске айналады! – деп сенімдеріне кіріпті.
Жарық бұл өтірікті естіген бойда есірткінің не екенін білгендіктен, оның нағыз кесапат, тажал екенін айтпақшы болады. Жарық:
-Достарым, бұл нағыз зұлымдық, бір сәттік қуаныштың артында қайғы мен құрдымға кету жатыр – дейді. Алайда достары Жарықты тыңдамайды. Уақыт өте береді. Ай артынан ай өтеді. Олар денсаулықтарын жоғалтып,өмірге деген талпыныстары жойыла бастайды. Ештеңеге қызықпайды, тек бір нәрсені ғана ойлайтын қуыс кеудеге айналады.
Жарық достарының бұл әректіне шыдамай қатты қайғырады. Ақырында жоспар құрып достарын қиын болса да, Түннің тырнағынан алуды ойлайды. Ең бақытты уақыттарына қайта оралу үшін, алдымен ойларын тазартуға кіріседі. Жақсы сөздер айтып, жақсы істер істеуге шақырады. Жақсылық жасауға, айналасындағыларды қуантуға жол сілтейді. Уақыт өте келе өз қателіктерін түсінген достары Түннен бас тартады.
Түн қанша тырысса да ешкім мұның қасына жоламайды. Ол жападан жалғыз қалғанын түсінеді. Амалы таусылған Түн Жарықтың жанына барып достасуға уәде берген екен. Сол күннен бастап Түн өз ісінің баянсыз екенін мойындапты.
Айнамкөз Сақтапберген Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!