Бүгін Байқоңыр қаласында Жас Сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті.
Шарада 75 жас сарбаз ант қабылдап, клуб жетекшілеріне арнайы сертификат пен алғыс хат табысталды.
Жас Сарбаз — еліміздің ертеңі, болашақ қорғандарымыз. Бүгіннен бастап, біз әскери-патриоттық тәрбиені қолға алып, келер жастармен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып» қызмет етуіміз керек – деді Жас Сарбаз әскери-патриоттық ҚОФ-ның төрағасы Әкімжан Еркінұлы.
Шара соңында жас сарбаздар көрерменге ән мен жырдан шашу шашып, қонақтармен естелік суретке түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!