Фото: tengrinews.kz

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте әскерге жас жігіттерді көшеден ұстап алып кетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қорғаныс министрлігінің жергілікті орындарындағы әскери басқару органдарының тізімін жасақтайды. Осы бойынша шақырылады. Ал егер де шақыртуды алып, бірақ, келмеген азаматтар болса, олардың тізімдері ішкі істер органдарына беріледі. Яғни, оларды жергілікті әскери басқару органдарына жеткізуге жауапты», – дейді Жангулин.

Оның айтуынша, Конституция бойынша әр азамат елімізді қорғауға міндетті.

«Сондықтан азаматтардың сана-сезіміне байланысты. Әскерге шақырту келсе, олар келуге міндетті. Бұл жерде олардың тарапынан заң бұзушылық байқалып отыр. Ішкі істер органдары тиісті түрде оларды жеткізуге мәжбүр. Ол азамат тексеріледі, әскерден шететтілетін жағдай болса, әскерден босатылады. Ал барлығы дұрыс болып, әскерге сай болса, әскерге жіберіледі», – деді Жангулин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!