Қызылорда облысында «Мен есірткіге қарсымын!» тақырыбында жас журналистер арасында облыстық есірткіге қарсы байқау қорытындыланды. Бұл сайыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
Байқауды Қызылорда облысы Полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы ұйымдастырды. Қатысуға облыстың орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарының 14-тен 18 жасқа дейінгі оқушылар мен студенттері шақырылды.
Қатысушыларға қойылған талаптар – есірткіге қарсы мақала жазу, оны БАҚ-та жариялау және әлеуметтік желілерде бөлісу болды. Барлық жұмыстар тек қана нашақорлық зияны туралы ақпарат беріп қана қоймай, жас ұрпақты салауатты және белсенді өмір салтын таңдауға ынталандырды.
Сайыс екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде үздік жұмыстар жергілікті білім бөлімдері арқылы іріктелді. Екінші кезеңге 36 мақала жіберілді, ал сайыстық комиссиясы 24 үздік жұмыс деп бағалады.

Облыстық есірткіге қарсы жас тілшілер байқауының жеңімпаздары: Болатбекова Жанель (Қармақшы ауданы №105 орта мектеп), Әбді Алпамыс (Қармақшы ауданы №273 орта мектеп), Бекарысова Маржан (Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі), Бақыт Бекнұр (Арал ауданы№63 орта мектеп), Жеткерген Сырым (Арал ауданы №63 орта мектеп), Садықова Гүлназира (Арал ауданы №59 орта мектеп), Серікова Ақұлман (Арал ауданы №292 орта мектеп), Жасарал Айлин (Қазалы ауданы №165 орта мектеп) және Шахмаран Жансезім (Сырдария ауданы №35 мектеп-лицей). Бұл жасөспірімдер журналистикадағы таланттарын ғана емес, сонымен қатар қоғамға белсенді қатысу қабілеттерін, маңызды тақырыптарды көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау ынтасын көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай байқаулар жастардың бастамашылдығын дамытып, сыни ойлау қабілетін жетілдіруге және қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – әрбір жас адамға «Мен есірткіге қарсымын!» деп айтуға мүмкіндік береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!