Жас журналистердің тәжірибе жинақтауына кәсіби орта қажет. Сондай-ақ өңірлік медиа саласының өзекті мәселелері ашық талқылану үшін ақпарат алмасу бағытында тығыз әріптестік орнауы маңызды. Осы мақсатта “Жас журналистер одағы” қоғамдық бірлестігі Қорқыт ата университетінің студенттеріне қоғамдық процестерге қатысу алаңын ұсынбақ.

Ақпараттың өзектілігі мен шынайылығын анықтау, сараптау және таратудың озық тәсілдері ұсынылатын жобаға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қолдау білдіреді. Өңірлік медиа саласын дамыту мен сенімді ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған келісім аясында студенттер кәсіби жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.

Тараптар келесі келісімдерге келді:

  • Жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру;
  • Қоғамдық маңызы бар жобаларға жастарды тарту және олардың бастамаларын қолдау;
  • Ақпараттық-ағартушылық материалдар дайындау және ортақ коммуникациялық белсенділікті үйлестіру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!