Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкіметтің көшпелі отырысында әкімдіктердің жұмысындағы кемшілікті жасанды зейін арқылы қалай анықтауға болатынын көрсетті.
Светлана Жақыпова Риддер қаласының мысалында әкімдіктердің жұмысындағы олқылықтарды жасанды зейін қалай әшкерелеп отыратынын айтты.
– Жасанды зейін тәуекел аймақтарының факторларын да анықтайды. Мысалы Риддердекірісі жоқ 141 отбасы бар. Әкімдер осы факторлармен нақты жеке жұмыс істеуі керек. Баспанасыз отбасылардың саны – 166. Әр санның артында белгілі бір отбасы тұр. Сондай-ақ, Риддерде отбасылардың басым бөлігінде зейнетақы жарналарын төлеуші жоқ екенінкөруге болады. Бұл бейресми секторда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары екенін айтыптұрған болуы мүмкін. Бұл әкімге қай бағыттағы жұмысты жетілдіру керектігін көрсетеді, – деді ведомство басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!