Ағымдағы жылдың 23-тамыз күні, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекесінің тәрбие бөлімінің басшысы Ерлан Бегімұлының ұйымдастыруымен айыпталушы жасөспірім балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҚР ҚК-нің 293 бабы 2 тармағы (бұзақылық) бойынша қылмыс жасап, тергеу мекемесіне келіп түскен кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен тәрбие бөлімінің бастығы жеке тілдесіп, сырласты. Балалардың айтуынша бұл қылмысты әдейі жасамаған. Балалар сыныптастастарымен бірлесіп, жаппай төбелескен. Төбелесудің нәтижесінде тергеу мекемесіне келіп түскен.
Жасөспірім балалармен толық танысып, мекеменің тыныс тіршілігі туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өмірге деген талпыныстарын жоғалтып алмау мақсатында құлшыныс сыйлап, түрлі мотивациялық тақырыптар қозғалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!