Қарағанды облысында 42 жастағы ер адам қызын бірнеше рет зорлады, cоның кесірінен 15 жастағы қыз жүкті болып қалды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға үкім шықты.

Сот жабық режимде өтті.

Ер адам кінәсін мойындады, бірақ қыздың келісімімен болды деді. Айтуынша, ол оның туған қызы емес.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында ол биологиялық әкесі емес екені анықталды, өйткені бұл тиісті молекулалық-генетикалық сараптаманың қорытындысымен расталды. Бірақ бұдан істің бабы өзгермейді. Қылмыс жасалғанда, ол оны туған қызы деп санады, ал қызы оны әкесі деп ойлады”, – деді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.

Ер адам орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы үкімге шағымданды, бірақ облыстық сот оны күшінде қалдырды.

Stan kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!