Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесіне бұзақылық бойынша келіп түскен жасөспірім балалардың өмірге деген талпыныстарын жоғалтып алмау мақсатында мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері тығыз жұмыс жасайды.
Бұл ретте, мекемеге келіп түскен әрбір сотталған азаматтардың ой өрісі, жұмыс жасауы, адамдармен тіл табысуы және т.б сотталғандардың өзекті мәселелерімен тәрбие бөлімінің басшысы және бөлім қызметкерлері, жасақ бастығы жұмыс жасап, оларды теміртордағы өмірге бейімдейді. Осы ретте мекемеге жақында ғана келіп түскен жеткіншек, айыпталушы балалармен АКАӘПТЖББ-нің жасақ бастығы әділет сержанты Әлмахан Рамазан мен АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны Ерлан Романқұлов бірлесіп шахмат тақтасын ойнап, түрлі тақырыпта әңгімелесіп, кітаптар оқып, мазмұндарымен бөлісті. Сондай-ақ, тәрбие бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта түрлі шаралар ұйымдастырып, айыпталушы жеткіншек балалар белсене атсалысатынын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!