Сурет Жастар ресурстық орталығының фейсбук парақшасы
Шара барысында қоғамдағы жастар арасында белең алып жатқан өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-танымдық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жастарға қажетті құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүкітіліктің алдын-алу тақырыптары қозғалды.
Кездесу барысында, Жастар денсаулық орталығының валеолог маманы Мазқожа Гүлназ Жақсыбекқызы жастар арасындағы зиянды әдеттер, оның ішінде электронды темекінің, энергетикалық сусындардың зияны, репродуктивті денсаулықтың мәні мен маңыздылығын, сонымен бірге жастардың кез келген уақытта орталық мамандарының қызметіне жүгіне алатынын атап өтті.
Орталық маманы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы қоғамның қасіреті болып бара жатқан лудоманияның зардабы мен зиянын атап өтіп, жастардың бос уақытын пайдалы да тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталық қызметтері жайлы ақпараттармен бөлісті.
Кездесуде әрбір жас көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тұшымды жауап ала-алды деген ойдамыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!