Жолдау басы әлемді шарпыған пандемиямен күрес жүргізіп келе жатқан дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен волонтерларға алғысымен бастау алды. Сонымен қатар пандемиямен күрестің әлі де болса толық аяқталмағанын баса айтып, вакциналанудың бұл індеттен шығудың жолы екендігін айта өтті. Қазіргі таңда кері пікірдегі азаматтар өздерінің вакциналанбағандығымен қоймай айналасындағы азаматтар үшін де арандатуын қоюы керек.
Әлем соңғы 100 жылда болмаған дағдарысты басынан өткеруде. Мемлекет тарапынан тоқтау алып тұрған, ақсаған салалар қайта кең өріс алып дамыту бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Атқаратын боламыз!
Қазақстан Тәуелсіздігінің төртінші онкүндігіне аяқ басқалы отыр. Қазірдің өзінде әлем халықтары алдында абыройы асқақ мемлекет ретінде қабылдайды. Тәуелсіз елдің іргесін ілгерлету бізге жүкетелген, яғни жастарға міндет.
Ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастратын жастар үшін: Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.
Медет ЖОРАБЕК,
«Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!