Қызылорда облысының оқушылары мен студенттері «Есірткі – зұлым!» ұранымен, #бізесірткігеқарсымыз #мыпротивнаркотиков хештегтерді ұстана отырып, Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған челленджге қатысты.
Жас полиция көмекшілері әзірлеген видеоларында қоғамға зиян келтіретін осы құбылысқа теріс көзқарастарын білдіріп, жас ұрпақты оның ықпалына берілмеуге, осылайша өз өмірін бақытты етуге шақырды!
Үздік деп танылғандар: Достанова Гүлжанай (№2 Арал ауданының мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты, Рахман Ералы (Қармақшы ауданының №185 орта мектебі), Сейітжан Ерәулет (Жалағаш ауданының №118 орта мектебі).
Жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!