«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау бойынша аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың кезекті Жолдауының орындалу міндеттерін талқылау.
2. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Олардың лайықты тұруы мен оқуы үшін жағдай жасау.
3. Оқу орындарында «Жастар рухы» Жастар қанаты бөлімшелерінің жұмысын жандандыру.
Кеңес отырысына жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары, оқу орны басшылары, жастар рухының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сырдария аудандық мәслихаты депутаты Ақтөре Ибрагимұлы мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты биылғы жолдауының маңыздылығына тоқталып өтті.
Жолдауда халықтың тұрмыс сапасын арттыруға да ерекше маңыз берілді. Мемлекет басшысы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру өте маңызды мәселе екенін тоқталып, «AMANAT» партиясының қолға алған«Қарызсыз қоғам» бастаман жоғары бағалады. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттың депутаттарының басым көпшілігі «AMANAT» партиясының мүшелері екенін ескерсек, алдағы уақытта партияның «Қарызсыз қоғам» жобасын облыс көлемінде жүйелі жүзеге асыруға депутаттық корпус белсене атсалысады деп сенеміз, – деді А.Ибрагимұлы.
Жастар рухы» ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы ретте, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің статист маманы Е.Жаматов баяндама жасады.
Қаламыздағы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі типтік емес ыңғайластырылған 1 ғана ғимаратта орналасқан. Студенттер үшін асхана, акт зал және спорт зал қарастырылмаған. Колледжде 4 мамандық бойынша 350 студент білім алуда.Қазіргі таңда 150 орынды жатақханасы бар 300 орындық музыкалық колледждің құрылысын салу жоспарлануда. Колледждің жаңа ғимараты үшін Қызылорда қаласының сол жағалауынан 1,6 гектар жер телімі бөлінді. Бүгінгі күні қажетті жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, – деді Е.Жаматов.
Сонымен қатар, Жастар рухы» ЖҚоблыстық филиалының төрағасы Асет Баймұрза ағымдағы жылдың тамыз айында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесімен бөлісіп, алдағы уақытта жатақханаларға анықталған кемшіліктерді жою бойынша қайта мониторинг жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!