Бүгінде есірткі заттарын тану бұрыннан қалыптасқан нашақордың бейнесіне сәйкес емес. Себебі орта жастағы ер адам міндетті түрде шприцпен қолданады. Ол есірткі – героин немесе қағазға оралған марихуана. Ал қазіргі нашақор мен есірткінің бұл ассоциативті сериямен ешқандай байланысы жоқ. Өкінішке орай, бүгінгі жастар синтетикалық препараттарды «тұтынады».
Соңғы кезде әлем бойынша, сондай-ақ елімізде есірткі ахуалы үлкен өзгеріске ұшырап, күрделенуде. Мәселен, бүгінгі синтетикалық есірткі арзан әрі қолжетімді. Сондықтан бұл үлкен әлемдік мәселеге айналып отыр. Олардың кең таралуына соңғы үлгідегі технологияның әсері мол. Атап айтсақ, қазір әлеуметтік желілер, бақыланбайтын мессенджерлер, шетелде тіркелген жасырын төлем жүйелері, тыйым салынған заттарды сатудың жаңа байланыссыз әдісінің бір бөлігіне айналды.
Енді сол «сатушы» мен «алушының» ортасындағы адамдарға бөлек тоқтап өткім келеді. Қарап отырсаңыз, интернетте оңай табыс табу туралы хабарландырудан көзің сүрінеді. Олар әдетте желілік маркетингке немесе алаяқтық схемаларға «шақыру» болып табылады. Бірақ олардың арасында қауіпті ұсыныстар да бар. Мұндай хабарландырудың артында құрамында есірткі және психотроптық заттарды әр жерге қойып кету үшін курьер жұмысының жасырын ұсыныстары да жоқ емес. Жасөспірімдер мұндай ұсыныстардың қармағына ілініп, жеңіл ақша табу мүмкіндігіне таңданып, есірткі сатушылардың жазасыздық туралы уәделеріне сенеді. Бірақ, ол өтірік.
Бүгінде есірткіні әр жерге тығып кету тәсілімен сату әдістері, дилер немесе делдалмен кездесу толығымен жойылды. Кепілгер (закладчик, минер, кладмен, курьер) келісім бойынша белгілі бір жерге шағын пакетті орналастырады, ал тапсырыс беруші тауарды еш қиындықсыз алады. Тығып кеткен есірткі заты – закладка деп аталады. Ол белгіленген жерге жасырын орналастырылған кішкене герметикалық пакетке салынған есірткі заты.
Закладкаларды қалдырудың ең көп таралған орындары – пошта жәшіктері, терезе төсеніштері, тұрғын үй кіреберістері, батареялар, электр қалқандары, аялдамалар, гараждар. Ойын алаңдары мен гүлзарлар да танымал. Бірақ олар үлкен аумақты болғандықтан, ол жерден закладканы табу әлдеқайда қиын. Кез-келген адам қолын терезе астына сырғытып, «қазына» тауып ала алады. Тегін закладкаларды арнайы іздейтін жасөспірімдер мен балаларда болуы мүмкін.
Есірткі сатушылар закладчиктерді жұмыс орындары жайлы вакансиялар ұсынатын және өздерінің «түйіндемелерін» қалдыратын сайттар арқылы іздейді. Таралу аймағына байланысты жұмысшылар тек ірі қалаларда ғана емес, сонымен қатар аймақтарда да ізделуі мүмкін.
Парасатты адамдарды тарту үшін вакансиялар заңды жұмыс іздеу сайттарында орналастырылады. Ал жұмыс іздеген адам жинақтаушы, тасымалдаушы, жүргізуші вакансияның орнына, сәл өзгеше сипаттағы ұсыныстар алады. Көбінесе ересек азаматтарды лауазымға қояр талабы аз, жақсы табыс қызықтырады. Ал ондай жұмысқа жасөспірім немесе студентті алуға дайын болса, соңғылары ойланбай келіседі.
Кладмендер, әсіресе жастар жұмыс мессенджерлердегі қарым-қатынасқа негізделгендіктен, шифрланған арналар мен арнайы құрылған аккаунттар бойынша жұмыс істейді. Олар мұндай қызмет үшін ықтимал жауапкершілікті түсінбейді, бұл жағдай оларды жалдауды жеңілдетеді.
Сонымен қатар, курьер тауарды алып қашып кетпеу, пайдаланбау үшін кейде дилерлер қызметкерді төлқұжатын қолына ұстап тұрып суретке түсіреді. Қойылған шарттарды закладчик орындамаған жағдайда фотосуретін бірден интернетке жүктейді. Алдаған жағдайда оданда қатал шара көріледі – физикалық зорлық -зомбылық.
Заңсыз іс-әрекеттің төлемі өте қатал. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес (297-бап) кладменнің жұмысы есірткілерді, психотроптық заттарды, сондай-ақ олардың аналогтарын заңсыз өткізу (немесе жөнелту) ретінде бағаланады.
Жаза көбіне тәркіленген есірткі заттың көлеміне, сатқан орнына және басқа да факторларына байланысты болады. Атап айтсақ, бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе мүлікті тәркілеп өмір бойына бас бостандығынан айыруды қамтиды.
Назар аударуға керекті белгілер – баланың телефонында қабырғалардың, үйлердің, кіреберістердің, аялдамалардың, қоршаулардың және т.б. фотосуреттер болады. Жеке заттар арасында жабысқақ таспалар, зип-пакеттер, қалта электронды таразылар, таблеткалары бар блистер немесе тамшы құтылар табылады. Дабыл белгілері – қарым-қатынас шеңберінің күрт өзгеруі, бала тұйық, алшақ, ашуланшақ болады, тәкаппарлық танытады, бос уақытын қалай өткізетіні туралы ештеңе айтпайды, үнемі біреумен хат алмасады және байланыс кезінде телефон экранын жабады.
Есірткі тарататын адамдар әдетте көрінбейді. Олар бұл ісімен айналысу мерзімі бір айдан аспайды. Өйткені бірден ұсталады. Жасаған әрекеті үшін үшін жаза өте қатал. Тіпті жоғары табыс олардың темір тордың артында өткізген жылдарына тұрарлық емес.
Дөненов Ардақ Әбішұлы,
Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына
қарсы іс-қимыл басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!