«Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы
Аймақта Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 35 жас аралығындағы 246 455(2024 ж. – 244 865) тұрғын есепке алынған (қала жастары – 111 829 (45,4%), ауыл жастары – 134 626 (54,6%), 128 291 – ер азаматтары, 118 164 – әйел,14-17 жастағылар – 64 962, 18-34 жастағылар – 181 493).
Ресми мәліметтерге сәйкес 2024 жылдың І тоқсанында экономикалық белсенді жастардың (15-34 жас) саны – 228 935, оның ішінде 5256 жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар – 150614 адам. Жұмыспен қамтылғандардың 87945 жасы жалдамалы қызметкерлерін құраса, 57413 өз бетінше қамтылғандар.
Осы ретте, «Жастар Рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы2024 жылы «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында жұмыс беруші 3 мекемемен меморандум жасап, 7 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырды. Аталған жәрмеңкеде 500-ге жуық жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 45 жас жұмысқа шақырту алды.
Сондай-ақ, партияның облыстық филиалы бастамасымен «Жастар Рухы» жастар қанаты «ЕРІКТІ КӨМЕККЕ» жобасын іске қосты. Пилоттық жобаның мақсаты – әртүрлі төтенше немесе шұғыл қол көмекті қажет ететін жағдайда ҚЫЗУ ЖЕЛІ арқылы анонимді немесе ашық түрде ақпарат алып мәселенің шешілуіне ықпал жасайды.
«Жоба іске қосылам дегенше Ерікті көмекке қызу желі жобасының еріктілері 20 ардагерге азық-түлік пен қол көмек жұмыстарын жүргізді.Пилоттық жоба call centre арқылы өз жұмысын мамыр айының 15-нен бастап жүргізіп келеді. Жоба арқылы 8 жас жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытқа дейін 300-ге жуық қоңырау келіп түсіп, оның ішінде, қызу желі жобасына сәйкес келетін барлық өтінім орындалып, (әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты қарт) адресті көмек көрсетілді. Биыл пилоттық жоба өз өнімділігін жақсы көрсетті. Келер жылға дәл осы Ерікті көмекке қызу желі жобасының ауқымдылығын кеңейтуді, жастарға жаңа жұмыс орындарды ашуды жоспарға алдық. Келер жылы да өз өнімділігін көрсетеді деп үміттенеміз.»– деді,«Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза
Бұдан бөлек, Жастар қанаты «Мансап» орталығымен бірлесіп тоқсанына 3 рет жастарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырып, нәтижесінде 100 жасты тұрақты және маусымдық негіздегі жұмыспен қамтылуына ықпал жасаған.
Осы секілді, ауқымды жобаларды «Жастар Рухы» Жастар қанаты әскери-патриоттық «Qaisar», «Есірткіге Жол ЖОҚ!», «Вандализмге Қарсымыз» акциялары мен «Бір толқында», «Ruhtastar Cases» диалог алаңдарын жастарды дамыту мақсатында ұйымдастырып келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!