Жастар, балалар мен жасөспірімдер арасында есірткінің таралуы мен тұтынылуына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында есірткіге қарсы бұйымдар дайындау және әлеуметтік желілерде бейнематериалдар жариялау бойынша байқау өткізілді.

Байқауға 12–18 жас аралығындағы орта және орта арнаулы оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты. Шараның негізгі міндеті – білім беру ұйымдарындағы оқушылары мен студенттері арасында психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу бағытындағы жұмысты күшейту, балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған профилактикалық қызметті жетілдіру болды. Байқаудың финалдық кезеңіне қатысушылардың 69 жұмысы ұсынылды.

Қатысушылар есірткі мәселесіне қатысты өз көзқарастарын білдіретін есірткіге қарсы бұйымдарды өз қолдарымен дайындады. Жұмыстар қағаз, картон, киіз, жүн, мақта, газет, сым, фанера сияқты әртүрлі қолжетімді және тұрмыстық материалдардан, сондай-ақ ойыншықтарды қайта өңдеу арқылы жасалды. Бұл қатысушылардың қиялы мен шығармашылық қабілетін, тың ойлауын айқын көрсетті.

Әрбір қатысушы өз бұйымы туралы әңгімелейтін, есірткіге қарсы ұстанымын білдіретін бейнеролик түсіріп, сондай-ақ жұмысының үш фотосуретін дайындады. Бейнематериалдар мен фотосуреттер Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларда жарияланып, іріктеу кезеңіне қатысу үшін білім бөліміне жолданды.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау барысында тақырыптың ашылу тереңдігіне, ұсынылған материалдың ақпараттық мазмұнына, авторлық ұстанымына және бейнеүндеудің мазмұндылығы мен әсерлілігіне ерекше назар аударылды. Ұсынылған жұмыстар шынайылығымен, әлеуметтік маңыздылығымен және белсенді азаматтық көзқарасымен ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша облыстық деңгейдегі жеңімпаздар ретінде Жаңабайқызы Дина — Жалағаш ауданы №203 орта мектеп оқушысы, Әмзен Қарақат — Қазалы ауданы №266 мектеп-лицей оқушысы, Ізбасар Ырыскелді — Жалағаш ауданы №118 орта мектеп оқушысы, сондай-ақ Садық Роза — Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицей оқушысы атанды.

Аталған байқау жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, есірткіге қарсы құндылықтарды нығайтуға және оқушылар мен студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруға зор үлес қосты. Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын саналы түрде таңдайтын ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді

Жастар шығармашылығы: "Біз есірткіге қарсымыз!" байқауы қорытындыланды

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!