15 қараша күні сағат 14.00-15.00 аралығында Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды. «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі өткізген шараның мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Қоғамдық қабылдауда Астана қаласының Заң консультанттар палатасының мүшесі, заңгер Тілеубай Ерлан Еркінұлы қатысып, жастарға заңгерлік кеңестер берді. Шара «Жібек Жолы» сауда орталығында өткізілді.

Қабылдауда болғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңгерден кәсіби кеңестер алды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолдары, азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!