Zhas Project сияқты жобалар жастарға қазір не қажет екенін түсінуге және өз бастамаларын іске асыруға көмектесуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін министрдің атынан құттықтағым келеді және жобаның барлық деңгейдегі жұмысына қатысқан әрбір адамға алғыс айтқым келеді. Расында да біз жастар саясаты саласында тек мемлекеттік бастамалар деңгейінде ғана емес, барлық мүдделі стейкхолдерлермен жұмыс деңгейінде көптеген өзгерістерді ойластырдық. Жобалардың нәтижелерін талқылау үшін жақсы топ жиналғанына өте қуаныштымын. Бәріңізге үнемі кездесіп, саясатымызды жақсартқандарыңыз үшін алғыс айтамын», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

Өз сөзінде Александр Данилов дөңгелек үстел қатысушыларын жастар саясатының жаңа тәсілдерін жасауға шақырды.

«Қазір біз жастардың мәселелерін жастардың өзі талқылағанын, олардың саясат объектісі болуды тоқтатып, субъект болуы үшін не қажет екенін ойластырғанын қалаймыз. Жастардың үніне құлақ асу өте маңызды. Zhas Project сияқты жобалар бізге жастарға қазір не қажет екенін түсінуге және өз бастамаларын іске асыруға көмектесуге мүмкіндік береді. Министрлік ретінде сіздердің бастамаларыңызды жалғастырып, жобаларды іске асыру үшін жаңа платформаларды ұсына аламыз деп үміттенемін», – деді А. Данилов.

Айта кетейік, бүгін елордада «Жастар корпусын дамыту жобасын жүзеге асыру қорытындылары» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр. Бес жылда аталған жобаға 10 мыңға жуық жастар қатысты және 3 мың гранттық жобаны жүзеге асырды .

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!