Бүгінде есірткі мәселесі тек жасөспірімдерге емес, жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студент жастарға да тікелей әсер етіп отыр. Студенттік кезең тұлға ретінде қалыптасу, болашақ мамандық пен өмірлік ұстанымды айқындау уақыты. Дәл осы кезеңде жасалған қате таңдау адамның бүкіл ғұмырына кері ықпал етуі мүмкін.

Есірткі алғашында уақытша қызығушылық немесе күйзелістен қашу жолы сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның соңы тәуелділікке, денсаулықтың нашарлауына, оқу үлгерімінің төмендеуіне және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғалуына әкеледі. Студент үшін білім, өзін дамыту, кәсіби мақсат қою маңызды болуы тиіс. Сондықтан зиянды әдеттерден алшақ болып, уақытты пайдалы істерге жұмсау саналы шешім.

Есірткісіз қоғам білімді, ойы сергек, жауапкершілігі жоғары жастардан құралады. Әр студент өз таңдауымен ел болашағына үлес қоса алады. Бүгінгі күндегі дұрыс бағыт ертеңгі табысты өмірдің негізі болатынын ұмытпайық. Сондықтан әрбір студент зиянды әрекеттерге қарсы тұрып, салауатты өмір салтын ұстануды өзінің азаматтық міндеті деп санап,білімді,саналы түрде қоғамға пайдалы болса деймін.

Аяулым САҚЫП,
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің
ББ-Б-24 оқу тобының 2 курс студенті 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!