Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаменті өңірдегі белсенді жастармен TEDХ форматында кездесу ұйымдастырды.
Шараға өңірлік Антикор басшысы Қ.Ахметқалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ардагері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагері Б.Ниязов, антикор-волонтерлер, өңірдің белсенді жастары қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс маңызды рөл атқарады және жас ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан бас тарту рухында тәрбиелеу арқылы ғана осы әлеуметтік індетті жоюға болады.
Кездесу барысында Куаныш Жұмағалиұлы іске асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерлік жобасы» туралы түсіндіріп, жастарды қоғамға пайдалы іспен шұғылдануға, аталған жобаға қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ат салысуға шақырды. Жастардың сұрақтарына жан жақты жауап берді.
Спикер Б.Ниязов «Антикор-волонтерлік» жобасының негізгі мақсаттарын атап өтіп, студенттерге патриотты тұлға ретінде осы жобаға өз үлестерін қосуды ұсынды.
Аталған жоба еріктісі О.Тұрсынбаев волонтер ұғымына жалпы түсінік беріп, олардың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды.
Сонымен қатар жиында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, волонтерлерді тіркеу Департамент тарапынан жүзеге асырылатыны айтылды. Ол үшін волонтер болуға ниет білдірген кез келген студентпен кері байланыс жасалатыны жеткізілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!