Пробация есебіндегі сотталғанның бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды
02.08.2022ж. Қазалы аудандық сотының үкімімен сотталған Ж. ҚР ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігімен бір жыл шектеу жазасы тағайындалып, Қазалы аудандық пробация есебіне алынған. Сотталған Ж. есепке алынған сәттен бастап оған пробация қызметкерлері заң талаптарын түсіндірген. Дегенмен, сотталған Ж. өзіне жүктелген міндеттерді қасақана орындаудан жалтарып, тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында үйінде себепсіз болмаған. Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440 бап 1-бөлігі және 437-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Осыған байланысты аудандық пробация қызметі сотталған Ж-ға қатысты шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру ға сотқа ұсыныс келтірген. 12.04.2023ж. аудандық сот сотталған Ж-ға қатысты ұсынысты қарап, сотталған өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған, түзелу жолына түспеген деген қорытындыға келіп, оған қатысты шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 4ай 17 күнін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеуді белгілеген. Сот қаулысы заңды күшіне енсе, сотталған Ж. жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілетін болады. Сот отырысына пробация есебіндегі басқа да сотталғандар қатыстырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!