Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде тергеуде жазасын өтеп жатқан Н есімді азамат өзінің сүйген жары И есімді азаматшамен, АХАТ бөлімінің қызметкері Жұлдызай Серікқызы мен мекеме заңгері Б.Абдразақовтың ықпалымен бүгінде ерлі зайыптылар қатарында. Бұл неке арқылы сотталушының заңды өкілі, бетпе-бет кездесуге және сәлем-сауқат әкелуге заң жүзінде келе алады.
ҚР Қ.К-нің 106-бабы 1-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша, ісі тергеуде қаралып жатыр. Бүгінде некелесушілер заңды түрде жас-жұбай атанып жатқандарына өте қуанышты. Сонымен қатар, алдағы уақытта жаза мерзімі белгіленген күннен бастап, жұбайы күнделікті жарына келетіндігін айтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!